Смагулов Нариман Ақансерыұлы

    Талдау жұмысы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Смагулов Нариман Ахансерыұлы 1991 жылғы 31 шілдеде Жетісу облысы Ескелді ауданында дүниеге келген. 2014 жылы «Қазақстан инновациялық академиясын» «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

    Өзінің еңбек жолын 2014 жылы «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жастар саясаты мәселелері жөніндегі нұсқаушы-әдіскер лауазымынан бастаған.

    2019–2020 жылдары «Қаратал ауданы Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ-де бас маман лауазымында жұмыс істеген.

    2021 жылы «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

    2021–2023 жылдары «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де, Өтенай ауылында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

    2023–2024 жылдары «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-де бас маман лауазымында жұмыс істеген.

    2024 жылы «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бас маман лауазымында жұмыс істеген.

    2026 жылғы маусым айынан бастап — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті РММ-нің талдау жұмысы бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері