
Сағатов Ғанибек Серікұлы
Шиелі аудан прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Сағатов Ғанибек Серікұлы 1992 жылғы 1 желтоқсанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2015 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Байқоңыр қаласы прокуратурасында көмекші, прокурор, аға прокурор, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасында прокурор, аға прокурор, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры, сондай-ақ Қызылорда облысының прокуратурасында қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2022–2025 жылдары Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы 8 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 11 жылдан астам.





