Садыкова Самал Катрановна

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1998 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік институтына түсіп, 2002 жылы "Қаржыжәненесие" мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2002 жылғы 2 желтоқсаннан 2005 жылғы 15 мамырға дейін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталық Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Аягөз аудандық бөлімшесінің аға маманы лауазымында бастады.

    2005 жылғы 16 мамырдан 2011 жылғы 31 тамызға дейін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталық Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Аягөз аудандық бөлімшесінде жоғары білікті маман болып жұмыс істеді.

    2011 жылдың 1 қыркүйегінен 2013 жылдың 12 мамырына дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Аягөз аудандық бөлімшесінде Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман – оператор болып жұмыс істеді.

    2013 жылғы 13 мамырдан 2016 жылғы 9 тамызға дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Аягөз аудандық бөлімшесінің зейнетақы және кейінгі бақылау бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі маманы.

    2016 жылғы 10 тамыздан 2019 жылғы 21 ақпанға дейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Аягөз ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2019 жылғы 22 ақпаннан 2020 жылғы 31 тамызға дейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы Аягөз ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Аягөз ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2021 жылғы 3 желтоқсаннан 2022 жылғы 3 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – бухгалтері болып жұмыс істеді.

    2022 жылғы 17 мамырдан 2022 жылғы 17 маусымға дейін "Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жоғары деңгейдегі кітапханашысы.

    2022 жылғы 20 маусымнан бастап 18.07.2022 жылға дейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Семей қаласы Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    19.07.2022 жылдан 21.09.2022 жылға дейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Семей қаласы Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    22.09.2022 жылдан бастап 14.06.2022 жылға дейін "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті"республикалық мемлекеттік мекемесінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    15.06.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері