
Өмірбаян
Арнаулы атағы — әділет полковнигі.
2007 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиялық институтын бітірген.
1996–2008 жылдары Қостанай облысы бойынша ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде учаскелік инспектор, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, жедел уәкіл, тәрбиелік және кадр жұмысы бағыттарында қызмет атқарған.
2008–2012 жылдары Қостанай облысы бойынша ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасында жедел уәкіл, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖК жүйесінде аға жедел уәкіл қызметтерін атқарған.
2012–2022 жылдары ҚР ІІМ ҚАЖК құрылымында кезекші қызмет, кадр жұмысы және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бағыттарында басшылық және жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2022–2024 жылдары Жамбыл және Қостанай облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған, оның ішінде тәрбие жұмысы және жалпы мәселелер жөніндегі бастық орынбасары болған.
2024–2025 жылдары Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінің бастығы, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖК кадрлық бағыттағы құрылымдық бөлімшелерінде бас маман қызметтерін атқарған.
2025 жылдың қазан айынан бастап Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №75 тергеу изоляторының бастығы қызметін атқарып келеді.


