Адильбекова Айнур Багланбековна

    ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №79 республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы

    Адильбекова Айнур Багланбековна
    Бастық

    Адильбекова Айнур Багланбековна

    ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №79 республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы

    Өмірбаян

    Арнаулы атағы-әділет полковнигі.

    2001 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын бітірген.

    2002–2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде арнайы есеп және кадр қызметтері бағытында түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, бөлім бастықтары болған.

    2011–2013 жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысы, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменттерінің мекемелерінде арнайы есеп бөлімінің бастығы және арнайы есеп тобының аға инспекторы қызметтерін атқарған.

    2013–2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде тәрбие жұмысы жөніндегі бастық орынбасары, тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және мекеме бастығы қызметтерін атқарған.

    2018–2022 жылдары Шымкент қаласы және Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің №167/4 мекемесін басқарған.

    2023 жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №56 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

    2023–2025 жылдары ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистратурада білім алған.

    2025 жылғы қыркүйек–қазан айларында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №55 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

    2025 жылғы қазан айынан бастап Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінің бастығы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері