Ермек Бақытұлы Күзенбаев

    Басшының орынбасары

    Ермек Бақытұлы Күзенбаев
    Басқарма басшысының орынбасары

    Ермек Бақытұлы Күзенбаев

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Жалпы мәлімет, білім

    Ермек Бақытұлы Күзенбаев

    Ұлты: қазақ

    Туған күні: 1985 жылғы 6 қараша

    Туған жері: Түркістан облысы

    Білімі: жоғары

    Бітірген жылы және оқу орны:

    2007 жыл – Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Мамандығы: «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

    Еңбек жолы

    Кузенбаев Ермек Бақытұлы 1985 жылғы 6 қарашада Түркістан облысында дүниеге келген.

    2007 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Мемлекеттік қызмет пен әлеуметтік-білім беру саясаты саласындағы еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастап, Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің Білім және ғылымды дамыту басқармасында сарапшы қызметін атқарды.

    2010–2013 жылдары Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы және басшы қызметінде жұмыс істеген. Атап айтқанда, Әлеуметтік саясат басқармасының бас сарапшысы, сондай-ақ Білім, ғылым, мәдениет, туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының қызметтерін атқарды.

    2014 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кәсіби қызметін жалғастырды. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Жобаларды басқару департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді, ал 2018 жылы Атырау қаласындағы «APEC PetroTechnic жоғары колледжі» ЖШС басқарды.

    2018–2020 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басшылық қызметін атқарды, оның ішінде Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы және Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

    2020–2023 жылдары «Talap» КЕАҚ-да Президент және Вице-президент қызметтерін атқарды. Осы кезеңде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді атсалысты.

    2023–2024 жылдары «AITAS KZ» АҚ-да білім беру бағдарламалары жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Баршаға мүмкіндік», «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қорларында басшылық қызметтер атқарып, «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорын басқарды.

    2024 жылы «UMIT FUND» ҰКО Басқарма төрағасы, сондай-ақ «Alem school» ҰКО басшысы болып жұмыс істеді.

    2025 жылдан бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да Ұлттық біліктілік жүйесі элементтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету департаментінің штаттан тыс әдіскері (Middle) ретінде қызмет атқарды.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Кәсіби қызмет жылдарында Ермек Бақытұлы Күзенбаев мемлекеттік басқару, білім беру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, білім беру жобаларын іске асыру, кадрлар даярлау және ұйымдарды басқару салаларында мол тәжірибе жинақтады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері