
Бегатаров Ардақ Құрмашұлы
Басшы - Әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Бегатаров Ардақ Құрмашұлы
Ұлты: Қазақ
Туған кезі: 1983 жылғы 20 тамыз
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы
Білімі: жоғары білім
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:
2005 жыл - Семей мемлекеттік педагогикалық институты
2008 жыл - Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Мамандығы:
Тарих және география
Тарих
Бегатаров Ардақ Құрмашұлы 1983 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» колледжінде тарих пәнінің оқытушысы ретінде бастаған. Аталған білім беру ұйымында әртүрлі лауазымдарды атқарып, білім беру және басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған.
2011–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті беру жөніндегі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ШЖҚ РМК-де қызмет атқарған.
2013–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінде бас сарапшы лауазымында жұмыс істеген.
2016–2017 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық өлшемдер орталығы филиалында еңбек еткен.
2017–2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарған.
2021–2024 жылдары «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамында WorldSkills қозғалысын дамыту бағытындағы жұмыстарға жетекшілік еткен.
2024 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қостанай облысы әкімінің өкімімен 2026 жылғы 18 маусымда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.


