Ортнер Павел Гергартович
Руководитель отдела цифровизаций отраслей экономики
Өмірбаян
2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
2008 жылы еңбек жолын Қарағанды облысында жеке кәсіпкер Ортнер В.Г.-де фотограф болып бастады;
2012 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне қарасты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы №2 бөліміне инспектор лауазымына қабылданды.
2016 жылғы тамыздан бастап Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2017 жылғы қыркүйектен бастап Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2018 жылғы мамырдан бастап Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының мемлекеттік қызмет көрсету барысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2021 жылғы шілдеден бастап Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ақпараттандыру, жобалау және байланыс бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
2023 жылғы шілдеден бастап Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының экономика салаларын цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2025 жылғы сәуірден бастап «ПЕРСПЕКТИВА» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС-не деректер талдаушысы лауазымына шарт негізінде ауысты.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының экономика салаларын цифрландыру бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2026 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының экономика салаларын цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.




