Жапарова Зада Сагиндыковна

    Руководитель отдела

    Жапарова Зада Сагиндыковна
    Руководитель

    Жапарова Зада Сагиндыковна

    Руководитель отдела

    Өмірбаян

    1993 жылы Қарағанды политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген, 2012 жылы ҚазТұтынуОдағының Қарағанды экономикалық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1994 жылы Абай қалалық байланыс торабының экономисі болып бастады;

    1999 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысы, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару және реформалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;

    2000 жылы – Жезқазған қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жедел басқару және реформалау бөлімінің бас маманы;

    2002 жылы – Шахтинск қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;

    2003 - 2011 жылдары Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің әкімі болып жұмыс істеді;

    2011 – 2013 жылдары – облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингілеу және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы;

    2013 – 2015 жылдары – облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы;

    2015 – 2017 жылдары облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;

    2018 жылғы 2 шілдеден 20 шілдеге дейін – «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы;

    2018 жылдың 20 шілдесінен бастап «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері