
Төрағаның орынбасары
Суйнуллаев Бауыржан Қуанышбайұлы
Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1989 жылғы 1 мамырда Алматы облысы, Қаскелең қаласында дүниеге келген.
Білімі
- 2010 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
- 2015 жылы ҚАЗГЮУ университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде маман болып бастаған.
- 2012–2013 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әдіснама мәселелері жөніндегі сарапшысы.
- 2013–2016 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің атташесі, үшінші хатшысы.
- 2016–2018 жж. – Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулдығының үшінші хатшысы.
- 2018–2020 жж. – Қазақстан Республикасының Сидней қаласындағы (Аустралия Одағы) Бас консулдығының екінші хатшысы, консулы.
- 2020–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқықтық департаментінің Халықаралық құқық мәселелері басқармасының бірінші хатшысы, Депониирлеу және нотификациялау басқармасының кеңесшісі.
- 2022–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің Имидждік жұмыс басқармасының басшысы.
- 2023–2026 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы.
Марапаттар
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2022 жыл).
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы «Барыс» төсбелгісімен (2024 жыл).
Қосымша мәліметтер
- I сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесіне ие.

