Әбдіқадыров Дәурен Садықұлы

    Халықаралық ақпарат комитеті Төрағасының орынбасары

    Әбдіқадыров Дәурен Садықұлы
    Төрағаның орынбасары

    Әбдіқадыров Дәурен Садықұлы

    Халықаралық ақпарат комитеті Төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    1983 жылы 1 ақпанда Жетісу облысының Сарыөзек кентінде дүниеге келді.

    2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Мамандығы - халықаралық құжаттанушы (консулдық қызмет).

    2016 жылы «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық Зерттеу университетін (Мәскеу қ.) бітірді . Саясаттану магистрі.

    Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде бастаған

    2007 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі.

    2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

    2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.

    2013 - 2017 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – вице-консулы.

    2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық интеграция департаментінің бірінші хатшысы.

    2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы, консультанты.

    2021-2024 жж. – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

    2024-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары

    2025 жылғы шілдеден бастап Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

    Ағылшын тілін меңгерген.

    I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.

    Марапаттары: «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО мемлекет басшыларының 29.05.2019 ж.
    №3 шешімі);
    ҚР Президентінің Алғысы (2025 ж.); «ҚР Конституциясына 25 жыл» медалі (ҚР Президентінің 20.08.2020 ж. Жарлығы); «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалі; «ҚР дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері