
Турашев Марат Джумурузаевич
Цифрлық трансформация департаментінің директоры
Өмірбаян
1991 жылы 23 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.
2013 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген, дәрежесі – бакалавр.
2023 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген, дәрежесі – магистр.
2013-2015 жылдары – «АйLine NS» ЖШС жобаларды техникалық қолдау және енгізу бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы.
2015-2024 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдарында жұмыс істеді, онда компьютерлік жабдықтар жөніндегі инженер, Ақпараттық жүйелерді әзірлеу бөлімінің аға менеджері, бағдарламалық әзірлемелер және IT-сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы және ақпараттық жүйелерді дамыту орталығы директорының орынбасары лауазымдарын дәйекті атқарды.
2024-2026 жылдары – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да жұмыс істеді, онда цифрландыру және SMM департаменті директорының орынбасары, цифрландыру және SMM департаментінің директоры, Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары және басқарма төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары лауазымдарын дәйекті атқарды.
2026 жылдың шілдесінен – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Цифрлық трансформация департаментінің директоры.

