
Өмірбаян
2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экология» мамандығы бойынша
2020 жылы аталған жоғары оқу орнын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы мемлекеттік қызметтен бастаған. Әр жылдары Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде, Талғар ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде, Талғар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясында өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 3 тамыздан бастап Талғар ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.





