Тасполат Бағдат Мұратбекұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Заң қызметі басқармасының басшысы
Өмірбаян
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «техника және технология» мамандығы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша бітірген.
2016–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шымкент қаласы Әділет департаментінің инспекторы, бас маманы;
2020–2023 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кадр қызметі департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2023 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көрсету бөлімінің басшысы;
2023–2026 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы;
2026 жылғы 27 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің заң қызметі басқармасының басшысы.




