
Смагулов Даурен Азаматұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің электро-жылу өндіруші станцияларын бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.
2016–2019 жж. – Экібастұз қаласы «Энергоуправление» ЖШС-нде электр жабдықтарын жөндеу бойынша 3-ші, одан кейін 4-ші разрядты электромонтер;
2019 ж. – Экібастұз қаласы өндірістік электр зертханасын реттеу және сынау жөніндегі инженер;
2020–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілері және қондырғыларын бақылау басқармасының бас маманы, бас сарапшысы;
2022–2023 жж. – Астана қаласында «Be Green Projects» ЖШС, «Samruk Business Akademi» ЖШС учаскесінің басшысы;
2023–2025 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті бөлімінің басшысы;
2025 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары.
2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің электро-жылу өндіруші станцияларын бақылау басқармасының басшысы.



