
Күзенбаев Эльдар Қонысбайұлы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Өмірбаян
Э.К. Күзенбаев 1982 жылы 7 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген.
2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2005 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университетін «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы, Қостанай қаласы соттары әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады (10.09.2002-24.02.2003);
Қостанай облысы соттары әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы (24.02.2003-16.10.2003);
Қостанай облысы соттары әкімшісінің Қарабалық аудандық учаскесінің аға сот орындаушысы (16.10.2003-01.06.2004);
Қостанай облысы соттары әкімшісінің Рудный қалалық аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы (01.06.2004-22.11.2004);
Қостанай облысы соттары әкімшісінің атқарушылық іс жүргізу және сот приставтарының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы (22.11.2004-05.05.2006);
Қостанай облысы соттары әкімшісінің соттар қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы (05.05.2006-18.08.2006);
Қостанай облысы әкімі аппаратының әкімшілік органдар және заңмен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы (18.08.2006-06.11.2006);
Қостанай облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы (06.11.2006-01.12.2006);
Қостанай облысы Әділет департаменті Қарабалық аудандық әділет басқармасының бастығы (01.12.2006-25.03.2008);
Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай аудандық әділет басқармасының бастығы (25.03.2008-22.11.2010);
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары (20.12.2010-27.06.2013);
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі (28.06.2013-03.07.2018);
Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (04.07.2018-26.09.2019);
«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қостанай қаласы (27.09.2019-20.05.2021);
Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы, Қостанай қаласы (20.05.2021-24.03.2022);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Нұр-сұлтан қаласы (24.03.2022-12.09.2023);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Нұр-сұлтан қаласы (13.09.2023-01.03.2026);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы, Астана қаласы (02.03.2026-15.07.2026)
2026 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі қызметіне тағайындалды.




