
Төлеев Нұрдәулет Төлеұлы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
Өмірбаян
1984 жылы 31 қазанда туған.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды.
2008 жылғы қарашадан 2025 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді: Әкімшілік Басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі, 2019 жылдың шілде айынан Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болды.
2025 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Президенттің Алғысымен төсбелгісімен, 7 мерекелік медальмен, Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық наградасымен, Президент Әкімшілігі Басшысының Алғысымен, Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппараты Басшысының Алғыс хатымен марапатталған.



