
Өмірбаян
Шурманов Ержан Айткенович
1981 жылы 7 наурызда туған
Шемонаиха ауданы Волчанка ауылының тумасы.
Білімі:
2002 ж. – Қазақ қаржы-экономикалық институты, мамандығы: қаржы;
2005 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, мамандығы: құқықтану;
2009 ж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік және жергілікті басқару.
Жұмыс тәжірибесі:
2003-2004 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы бойынша салық комитетінің бас салық инспекторы болып жұмыс жасады.
2004-2005 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
2005-2010 жылдары – Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары.
2010-2012 жылдары – Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары.
2012-2015 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.
2015-2018 жылдары – Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2018-2020 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
2021-2025 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2025 жылдан бастап – «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.
2026 жылғы 8 шілдеден бастап Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды.
Үйленген, 3 баласы бар.


