
Кукубаева Гульмира Сагындыковна
«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы
Өмірбаян
1999 жылғы 28 қазанда Қостанай облысы Қарабалық ауданының Славянка ауылында дүниеге келген. Білімі – арнаулы орта. 2018 жылы «Электр станциялары мен желілерінің электржабдықтары» мамандығы бойынша Қазақстан агротехникалық колледжінде мамдаған. Тұрмыста емес, бір бала тәрбиелеп отыр.
2018 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №11 өрт сөндіру бөлімінде тылдық қамтамасыз ету тобының аға шебері болып жұмыс істеді.
2020 жылғы тамыздан 2023 жылғы сәуірге дейін Қостанай облысы әкімдігі Денешынықтыру және спорт басқармасының «Қарабалық аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудармашы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы наурыздан бастап Қарабалық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде хатшы болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 1 қыркүйекте «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы міндетін атқарушы әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуына байланысты бұрынғы қызметінен босатылды.
2025 жылғы 29 қыркүйекте «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып тағайындалды.
2026 жылғы 18 мамырда аудан әкімінің өкімімен «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.





