
Кабылтаев Диас Дамдинович
Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
1990 жылы туған, Қостанай облысы Наурызым ауданының тумасы, қазақ. Білімі жоғары. 2011 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Бойдақ, бір баласы бар.
Бұл лауазымға тағайындалған күні 07.07.2026
Еңбек жолын 2011 жылы Қостанай қаласы ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің криминалдық іздестіру тобында тағылымдамадан өтуші-жедел уәкіл болып бастаған. 17.11.2011 жылдан 24.10.2016 жылға дейін - ҚР ІІМ, Қостанай қаласының ішкі істер органдарындағы қызмет. 01.11.2016 жылдан 31.01.2020 жылға дейін - Қарасу ауданындағы «Рустем және К» ШҚ басшысының көмекшісі. 10.02.2020 жылдан 28.05.2021 жылға дейін - «Надеждинка» ЖШС мониторинг қызметінің басшысы, Тобыл қаласы. 01.06.2021жылдан 26.02.2025 жылға дейін - Кабылтаев Диас Дамдинович ЖК, Қостанай қаласы. 23.01.2025 жылдан 04.04.2025 жылға дейін - Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» ММ әдіскері, Тобыл қаласы. 07.04.2025 жылдан 15.04.2026 жылға дейін - «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшенің басшысы, , Тобыл қаласы. 26.05.2025 жылдан 14.04.2026 жылға дейін - «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы, Тобыл қаласы. 15.04.2026 жылдан 07.07.2026 жылға дейін - «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.
Әкім аппаратының қызметіне басшылық жасайды, аудан әкімі аппаратының келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарын жүзеге асырады. Аудандық мәслихатпен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Заңдары, Президенттің Жарлықтары, Үкімет қаулылары, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері, облыс және аудан әкімдігі каулыларының орындалуын бақылау бойынша аудандық бөлімдердің, басқармалар мен мекемелердің, ауыл, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жұмысын үйлестіреді. Кадр және мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.


