
Өмірбаян
1987 жылы туған, Қостанай облысы Жангелді ауданының тумасы, қазақ. Жоғарғы білім. 2008, 2011 жылдары А.Байтұрсынов Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді. Үйленген және 5 баласы бар.
Осы лауазымға тағайындалған күні 04.05.2021
Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Бір жылдан кейін ол мемлекеттік қызметтегі мансабын бастады. 2010-2014 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдар аралығында Алтынсарин ауданында әкім аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Кейіннен ол «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2018 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Қарабалық ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін, ол Қамысты ауданы әкімінің орынбасары болған.
Аудан аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, ауданның халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс әкімінің аппаратымен, облыстық департаменттермен және басқармалармен өзара іс-қимыл жасайды.
«Қазақстан-2050» бағдарламасының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты болады.
Жұмысына жетекшілік етеді:
Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қарабалық кенті, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері.
Қызметін басқарады:
аудан әкімдігі,
Қарабалық ауданы әкімдігінің жанындағы Шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі
аудан әкімдігі жанындағы аудандық бюджет
аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия,
аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия,
аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері жөніндегі комиссия,
аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия.
Өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
облыстық деңгейде:
облыс әкімінің аппараты, облыстық департаменттер мен басқармалар;
жергілікті деңгейде:
Қарабалық ауданының прокуратурасымен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Қарабалық аудандық бөлімі,
«Қарабалық ауданының полиция бөлімі» ММ,
Қарабалық аудандық сотымен,
Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі,
«Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ Қарабалық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі,
«Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ Қарабалық ауданының пробация қызметі,
Шекара комендатурасы.
Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

