Ауанасова Камилла Мусировна

    Департамент басшысы

    Өмірбаян

    Ауанасова Камилла Мусировна 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.

    Еңбек жолын 1998 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы лауазымынан бастаған.

    2001–2003 жж. — Қазақ гуманитарлық-заң университетінің (ҚазГЗУ) Шымкент филиалы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

    2003–2007 жж. — ҚазГЗУ Шымкент филиалының Оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры.

    2007–2008 жж. — ҚазГЗУ Шымкент қаласы бойынша Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі қосымша білім беру оқу орталығы директорының орынбасары.

    2009–2012 жж. — Оңтүстік Қазақстан басқару, құқық және ақпараттық технологиялар колледжінің директоры.

    2012–2025 жж. — Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ директоры.

    2025 жылдан 2026 жылдың маусымына дейін — Ж. А. Тәшенев атындағы университеттің профессоры.

    Scopus, Web of Science ғылымиметриялық дерекқорларында индекстелетін журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми еңбектердің авторы. h-индексі — 6.

    «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері