Шолтанов Айдын Тоқтарбекұлы

    Руководитель общего отдела

    Шолтанов Айдын Тоқтарбекұлы
    Бөлім басшысы

    Шолтанов Айдын Тоқтарбекұлы

    Руководитель общего отдела

    Өмірбаян

    1985 жылғы 19 ақпанда Семей облысы Чарск ауданы Чарск қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары — заңтану. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, «құқық бакалавры» біліктілігін алған.

    2006 жылы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында еңбек қызметін бастаған: 2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы ДВД Жарма АІІБ Шар қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы; кейіннен Шығыс Қазақстан облысы ДВД және Абай облысы Полиция департаментінің ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған; 2024 жылғы 01 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласы Полиция басқармасы Тергеу бөлімінің бастығы лауазымынан зейнеткерлікке шығуына байланысты ішкі істер органдарынан босатылған.

    2025 жылғы 05 қаңтардан 2026 жылғы 02 ақпанға дейін Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№2 Семей қаласының олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебі» КММ кадрлық-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2026 жылғы 02 ақпаннан 31 наурызға дейін Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаппай спортты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі спорт клубы» КММ мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маманы болып жұмыс істеген.

    2026 жылғы 01 сәуірден 18 маусымға дейін Жаңасемей ауданы әкімінің аппаратының еңбек жөніндегі инспекторы қызметін атқарған.

    2026 жылғы 18 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін — жалпы бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері