
Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы
Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Еңбек жолын 2001 жылы Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының шығыс поэзия, шешендік сөздер пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы, аталған университеттің аспиранты, Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалында редактор, аға редактор, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жамбыл-Тараз» газетінде бас редактор, директор қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры болып еңбек етіп келді.