Досмаганбетов Рамиль Maйшyлaнoвич
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1979 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласы, Алматы ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «кеден ісі» мамандығы бойынша, ал 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласы МКБ КЖҮК КБ күзетшісі болып бастап, онда 2004 жылға дейін жұмыс істеген.
2005–2008 жылдар аралығында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2008 жылы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, кейіннен өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2008–2013 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бастығы лауазымында болған.
2013–2016 жылдары «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ-нің абаттандыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2016–2018 жылдары — «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің бас инспекторы.
2018–2019 жылдары Астана қаласы (кейіннен Нұр-Сұлтан қ.) «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019–2022 жылдары «Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппараты» ММ әкімінің орынбасары лауазымында болған.
2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімінің орынбасары, кейіннен Семей қаласындағы Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
2022–2024 жылдары «Абай облысы Семей қаласы әкімі аппараты» ММ Абай облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2025–2026 жылдары — «Alatau Public Utilities» ЖШС бас директорының орынбасары.
12 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Alatau Public Utilities» ЖШС бас директоры.