
Сулейменов Батырхан Айбатович
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1992 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитан университетін «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі дәрежесіне ие
Еңбек жолын 2014 жылы Deloitte халықаралық аудит ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2020–2024 жылдар аралығында Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды, ал 2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасында басшының міндетін атқарды.
2025 жылғы 11 наурыздан 14 шілдеге дейін — Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары.
2025 жылғы 14 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы.
