Сейтбеков Максат Рысбекович

    Басшының орынбасары

    Сейтбеков Максат Рысбекович
    Заместитель руководителя

    Сейтбеков Максат Рысбекович

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Сейтбеков Максат Рысбекович 1984 жылы 18 наурызында Жамбыл қаласында дүниеге келді. 1991-2001 жылдар аралығында №12 орта мектебін бітірді. 2001-2005 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алды.

    Еңбек жолын 2005 жылы "Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті" ММ-нің мемлекеттік органдар қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік және экономиканың нақтылы секторын қаржыландыру жоспарын жүргізу және қаржылық рұқсат беру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

    2007-2008 ж.ж. "Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті" ММ-нің коммуналдық меншікті басқару және мүлік жалдау бөлімінің жетекші маманы;

    2008-2019 ж.ж. "Жамбыл облысы әкімиятының қаржы басқармасы" КММ-нің коммуналдық меншікті басқару бөлімінің бас маманы;

    2019-2021 ж.ж. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" КММ-нің коммуналдық ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы;

    2021-2024 ж.ж. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" КММ-нің коммуналдық ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы;

    2024 жылдың 12 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" КММ-нің басшының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері