Әкек Батырхан Базарбайұлы

    Басқарма басшысы

    Әкек Батырхан Базарбайұлы
    Руководитель управления

    Әкек Батырхан Базарбайұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1976 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін 1998 жылы "өндірісті ұйымдастыру (менеджер)" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданының қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған .

    1998-2002 жылдары-Жамбыл облысы Меркі ауданының қаржы бөлімінің бас маманы;

    2002-2005 жылдары-Жамбыл облысы әкімдігі қаржы департаментінің бас маманы;

    2007-2009 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаменті бөлімінің бастығы;

    2009-2011 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының бөлім бастығы;

    2011-2013 жылдары-Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасы бастығының орынбасары;

    2013-2023 жылдары-Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары;

    2023 жылдың 5 маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр .

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері