Қазбеков Ерлан Кабдуұлы

    Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

    Қазбеков Ерлан Кабдуұлы
    Қызметкерлер

    Қазбеков Ерлан Кабдуұлы

    Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

    Өмірбаян

    Қазбеков Ерлан Қабдуұлы 1967 жылы 01 қаңтарда, Көкшетау облысы Володар ауданы, Сулыкөл ауылында дүниеге келген.

    Білімі-жоғары. 2002 жылы Көкшетау қаласы құқық және нарық академиясын бітірген. Білімі бойынша мамандығы бухгалтерлік есеп және аудит.

    Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 1991 жылы Қостанай облысы Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-интернатында тәрбиеші болып бастады. Аталған қызметте 1992 жылға дейін жұмыс істеді. 1992-1993 жылдары Қостанай облысы Қостанай қаласында тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

    1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарып, Қостанай облысы Қостанай қаласының Ішкі істер басқармасында жұмыс істеді.

    1997-2000 жылдары Қостанай облысы Қостанай қаласындағы «Ағайын» ЖШС-де қауіпсіздік қызметінің бастығы болды. 2000-2002 жылдары осы серіктестікте бухгалтер қызметін атқарды.

    2002-2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша Салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2003-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті» мемлекеттік мекемесінде жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін әкімшілендіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2006-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша Салық комитеті» мемлекеттік мекемесі төрағасының орынбасары болды.

    2007-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязево ауылындағы «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

    2009-2010 жылдары Астана қаласындағы «SUPER-ACCORD ASTANA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас бухгалтердің орынбасары болып жұмыс істеді.

    2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы «Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Айыртау ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері