
Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы
Айыртау ауданының әкімі
Өмірбаян
Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы — 1971 жылы 6 қарашада туған, Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы. Білімі — жоғары. Петропавл есеп-экономикалық техникумын, техник-құрылысшы мамандығын (1991); Көкшетау университетін, юриспруденцияны (2003); Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін, жерге орналастыруды (2014) бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы; «Петропавловскоблагропроектстрой» 4 бiрлестiгiнiң Булаев жылжымалы мехколонасының шеберi (1991-1996); Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi (1997 жылдан); Булаев қаласы әкiмi аппаратының бас маманы (2001-2002); Солтүстiк Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетiнiң бас маманы (2002-2006); Солтүстiк Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмiнiң бастығы (2006-2009); Жер қатынастары басқармасы Петропавл қ. жер қатынастары бөлiмi бастығының орынбасары (2010-2012);
2012-2015 ж.ж. — ҚР АШМ ЖРБК СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы;
С 2015-2018 жж. — СҚО әкiмдiгi жер инспекциясы басқармасының басшысы;
2018 жылғы қарашадан 2021 жылғы шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы; Нұр-Сұлтан қаласы.
2021 жылғы 23 шiлдеден 2024 жылғы қыркүйекке дейін «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ басшысы,Петропавл қаласы.
2024 жылғы қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды, Саумалкөл селосы



