
Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы
Қызылорда облыс прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану», ал 2010 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Одан әрі реттілігімен Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Қызылорда облысы прокуратурасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.
2022 жылдың тамыз – 2026 жылдың маусым аралығында Қызылорда облысы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.
«Аға әділет кеңесшісі» сыныптық шенінде.





