Ануарбеков Бекарыс Еркынович

    Басшы орынбасары

    Ануарбеков Бекарыс Еркынович
    Заместитель руководителя

    Ануарбеков Бекарыс Еркынович

    Басшы орынбасары

    Өмірбаян

    1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ленинка ауылында дүниеге келген. 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2022 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында бастаған.

    2018–2020 жылдар аралығында түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

    2020–2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында заң бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2022–2023 жылдары аталған басқармада әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

    2023–2024 жылдары «СПК «Семей» АҚ-да заң департаментінің директоры және басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2024–2025 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

    2025 жылғы қарашадан 2026 жылғы ақпанға дейін «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2026 жылғы 19 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері