
Жақсылық Заманбек Сәрсенғалиұлы
"Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
1994 жылғы 28 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
2016 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында маман болып бастаған.
2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті» РММ Ақжайық аудандық статистика басқармасында жетекші маман қызметін атқарған.
2019-2020 жылдары «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ ақпараттандыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2020-2022 жылдары - «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің бас маманы.
2022-2025 жылдары - «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаменті Деректер архитектурасы басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген.
2025-2026 жылдары - «Smart Detek» ЖШС-де консультант.
2026 жылы «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2026 жылғы 19 мамырда «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
