
Отарбаев Әсет Болатұлы
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ басшысы
Өмірбаян
1986 жылғы 20 желтоқсанда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы» бакалавры бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Уни-Кос» ЖШС-нің сату бөлімінің менеджері ретінде бастаған.
2006-2007 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Каспий Банк» АҚ «Көк жар» филиалы Фронт-офисінің тұтынушылық кредиттеу бөлімінің маманы, тұтынушылық несиелендіру бөлімінің жетекші маманы.
2007-2010 жылдары «Уни-Кос» ЖШС сату бөлімінің басшысы, директоры.
2010-2016 жылдары «Unicos Gold» ЖШС директоры.
2016-2018 жылдары «Интеграл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры.
2019 жылы «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС Ішкі бақылау департаментінің менеджері.
2019-2020 жылдары «ҚАЗҒЫЛЫМ» ғылыми орталығы» ЖШС жоба менеджері, коммерциялық директоры.
2021 жылғы 16 сәуірде «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ басшысының міндеттерін атқаруға қабылданып, 2021 жылғы 11 тамызда арнайы тексеру қорытыңдылары бойынша аталмыш басқарманың басшысы болып тағайындалды.
