
Солтанбаев Берік Бекмырзаұлы
Әуезов ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1990 жылы 28 сәуір күні Алматы облысында дүниеге келген. Сәулет-құрылыс колледжін, Қазақстан көпсалалы «Парасат» институтын, Халықаралық білім беру корпорациясын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Нархоз университетін құрылыс, құқық және іскерлік әкімшілік мамандықтары бойынша тәмамдаған. MBA дәрежесінің иегері.
2013 жылдан 2013 жылға дейін — «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы ұйымдастырушылық-партиялық жұмыс бөлімінің кеңесшісі, Алматы қаласы.
2013 жылдан 2014 жылға дейін — «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің кеңесшісі, Алматы қаласы.
2014 жылдан 2015 жылға дейін — Алматы қаласы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы.
2015 жылдан 2016 жылға дейін — Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты ішкі бақылау қызметі бас маманының міндетін атқарушы.
2016 жылдан 2016 жылға дейін — Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты ішкі бақылау қызметінің бас маманы.
2016 жылдан 2017 жылға дейін — Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы.
2017 жылдан 2018 жылға дейін — Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы.
2018 жылдан 2022 жылға дейін — Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары.
2022 жылдан 2024 жылға дейін — Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы.
2024 жылдан 2026 жылға дейін – «Ulken Group Ltd.» жеке компаниясының бас директоры.
2026 жылғы 6 мамырдан бастап Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.



