Бас директор
Сарыбек Нұршат Нұрұллаұлы
ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК
Өмірбаян
2001 жыл – Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті.
•2003 жыл – Орталық Азия университеті.
•2014 жыл – Халықаралық бизнес университеті.
Еңбек жолы
•2001 жылғы 24 шілде – 2002 жылғы 3 желтоқсан – «НАНАКА» ЖШС инженері, Астана қаласы.
•2003 жылғы 8 қаңтар – 2003 жылғы 16 наурыз – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ақпараттық технологиялар басқармасы техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласы.
•2003 жылғы 17 наурыз – 2004 жылғы 3 қазан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ақпараттық технологиялар басқармасы техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы.
•2004 жылғы 4 қазан – 2005 жылғы 10 қараша – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ақпараттық технологиялар басқармасы ақпараттық жобаларды енгізу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
•2005 жылғы 11 қараша – 2006 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық әкімшілендіру басқармасы салықтық аудит бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
•2006 жылғы 8 ақпан – 2007 жылғы 10 мамыр – «Қазпошта» АҚ Алматы филиалы «Алматы почтамты» Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы.
•2007 жылғы 7 мамыр – 2008 жылғы 17 ақпан – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Мемлекеттік органдардың IT-бөлімшелерін құру департаменті №3 бөлімінің бастығы, Астана қаласы.
•2008 жылғы 18 ақпан – 2008 жылғы 10 қараша – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдардың АКТ-процестерін талдау және менеджмент тобының бюджет директоры, Астана қаласы.
•2008 жылғы 17 қараша – 2011 жылғы 30 желтоқсан – Қаржы полициясы органдарындағы қызмет, Астана қаласы.
•2012 жылғы 2 наурыз – 2012 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы Статистиканың ақпараттық жүйелерін дамыту департаментінің ақпараттық жүйелерді жобалау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
•2012 жылғы 13 наурыз – 2012 жылғы 3 желтоқсан – аталған департамент бастығының орынбасары.
•2012 жылғы 4 желтоқсан – 2013 жылғы 10 ақпан – аталған департамент директорының орынбасары.
•2013 жылғы 11 ақпан – 2014 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы ШЖҚ РМК атқарушы директоры.
•2014 жылғы 11 ақпан – 2015 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы ШЖҚ РМК директорының орынбасары – Алматы қаласындағы филиалының басшысы.
•2015 жылғы 30 сәуір – 2018 жылғы 16 қазан – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы ШЖҚ РМК директорының орынбасары.
•2018 жылғы 17 қазан – 2018 жылғы 12 қараша – «Электрондық коммерция орталығы» АҚ Консалтинг және талдау департаментінің директоры.
•2018 жылғы 13 қараша – 2020 жылғы 2 қараша – «Электрондық коммерция орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
•2020 жылғы 26 қараша – 2021 жылғы 12 қаңтар – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы ШЖҚ РМК директорының орынбасары.
•2021 жылғы 13 қаңтар – 2022 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы ШЖҚ РМК директоры.
•2022 жылғы 14 наурыз – 2023 жылғы 24 желтоқсан – «Агроөнеркәсіп кешеніндегі саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы.
•2024 жылғы 14 наурыз – 2024 жылғы 15 шілде – «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас департаментінің бас менеджері.
•2024 жылғы 22 шілде – 2024 жылғы 21 тамыз – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Аппараты Цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы.
•2024 жылғы 22 тамыз – 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Аппараты Цифрландыру департаментінің директоры.
•2026 жылғы 12 наурыз – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.




