Директор
Куанышбекова Роза Тохтаналиевна
Директор РГП на ПХВ "Казахский научный центр дерматологии и инфекционных заболеваний"
Өмірбаян
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы
•1976–1983 жылдар – Алматы мемлекеттік медицина институты.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары
•«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
•«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.
•«Алтын дәрігер» төсбелгісі.
•«Құрмет» ордені.
Еңбек жолы
•1982 жылғы 1 қыркүйек – 1993 жылғы 1 тамыз – Жамбыл облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері.
•1993 жылғы 26 тамыз – 1998 жылғы 3 ақпан – Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар аурулары кафедрасының аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері, ассистенті.
•1998 жылғы 2 ақпан – 2001 жылғы 2 ақпан – Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар аурулары кафедрасының докторанты.
•2001 жылғы 25 наурыз – 2007 жылғы 1 маусым – Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты педиатрия кафедрасының ассистенті, доценті, кафедра меңгерушісі.
•2007 жылғы 28 мамыр – 2011 жылғы 12 сәуір – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен баланы қорғау және медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басшысының орынбасары.
•2011 жылғы 18 сәуір – 2012 жылғы 10 ақпан – «Қалалық неонаталдық орталық» МКҚК бас дәрігері.
•2012 жылғы 10 ақпан – 2012 жылғы 28 желтоқсан – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
•2013 жылғы 10 қаңтар – 2013 жылғы 29 мамыр – «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы.
•2013 жылғы 1 маусым – 2014 жылғы 24 сәуір – «Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты» ШЖҚ РМК педиатрия кафедрасының профессоры.
•2014 жылғы 30 мамыр – 2015 жылғы 22 қаңтар – «ГАЛ» ЖШС директоры.
•2015 жылғы 23 қаңтар – 2016 жылғы 2 қыркүйек – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы.
•2016 жылғы 2 қыркүйек – 2018 жылғы 1 маусым – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
•2018 жылғы 11 маусым – 2019 жылғы 20 наурыз – «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК директорының клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары.
•2019 жылғы 20 наурыз – 2020 жылғы 20 қаңтар – «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
•2020 жылғы 20 қаңтар – 2023 жылғы 15 қаңтар – «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы.
•2023 жылғы 30 маусым – 2025 жылғы 1 шілде – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК директоры.
•2025 жылғы 17 қараша – қазіргі уақытқа дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры.




