Жүніс Сәкен Рысқұлбекұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары

    Жүніс Сәкен Рысқұлбекұлы
    Заместитель Председателя

    Жүніс Сәкен Рысқұлбекұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Жүніс Сәкен 1992 жылғы 25 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген.

    Білімі:

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — техника және технологиялар бакалавры;

    М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті — құқық бакалавры;

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы — экономика магистрі.

    Еңбек жолын 2014 жылы жекеменшік секторда бастаған.

    2016 жылғы қазаннан 2020 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    2020 жылғы шілдеден қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Стратегиялық талдау және экономикалық интеграция басқармасында бас сарапшы болып жұмыс істеген.

    2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Стратегиялық талдау департаментінде бас консультант қызметін атқарған.

    2022 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаментінің Электр энергетикасы және көмір басқармасының басшысы болған.

    2025 жылы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған.

    2026 жылғы 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері