Джапаров Бағдат Есмұратұлы

    Әкімнің орынбасары

    Джапаров Бағдат Есмұратұлы
    Заместитель акима

    Джапаров Бағдат Есмұратұлы

    Әкімнің орынбасары

    Өмірбаян

    Джапаров Бағдат Есмұратұлы 1966 жылы тамыз айының 18 күні Қарабөгет ауылы, Сарқан ауданы, Алматы облысында дүниеге келгем. 1983 жылы Қарабөгет ауылының А.С.Пушкин атындағы орта мектебін бітіргем. 1984-1986 жылдар Кеңес одағының әскері қатарында КСРО (СССР) астанасы Мәскеу қаласында әскери борышымды өтедім. 1988 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (КазГУ) заң факультетіне оқуға түсіп, 1993 жылы тәмамдадым.

    1993-1995 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында Глубокий аудандық прокуратурасында аға тергеуші болып істедім.

    1995 жылдың наурыз айында Талдықорған облысына ауысып, Бөрлітөбе аудандық прокуратурасында тергеуші, содан кейін прокурор көмекшісі қызметінде болдым.

    1997 жылдан 2002 жылға дейін Алматы облысының Алакөл ауданы прокурорының аға көмекшісі, 2002 – 2008 жылдар аралығында Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасының Достық көлік прокурорының аға көмекшісі болып істедім.

    2010 жылдан 2012 жылға дейін «Талдықорган строидеталь» ЖШС-де және «Талдықорғанжылусервис» КММ –де заңгер, заң бөлімінің басшысы қызметін атқардым.

    2012 – 2017 жыл аралығында «Алматы облысы экология департаменті» РММ-де заңгер болдым.

    2017 -2025 жылдары адвокаттық қызметпен айналыстым, Алматы және Жетісу облыстарының адвокаттар алқасының мүшесі болдым. Қазіргі таңда Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында қызметтемін.