
Ахметов Сырым Табынбаевич
Қызылорда қала прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Ахметов Сырым Табынбаевич 1977 жылғы 9 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1998 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (қаржы және несие); 2000 ж. – Қазақстан экономика және құқық институты (заңгер).
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облыстық прокуратурасында бастаған.
Әр жылдары Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы прокуратураларында бөлім прокуроры, аға прокурор, басқарма прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы, сондай-ақ Байқоңыр қаласы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары, облыстық прокуратура басқармасының бастығы және табиғат қорғау прокуроры қызметтерін атқарған.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқаруда.





