Ашимханов Айдын Нуртасұлы - 1986 жылғы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2009 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша интернатурадан өткен, 2018 жылы Алматы менеджмент университетін «іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
09.08.2010 – 09.08.2015 Өскемен қаласындағы №2 қалалық аурухананың қабылдау-операциялық бөлімшесінде дәрігер-хирург болып жұмыс істеді.
13.08.2015 – 30.04.2016 — Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МҚК-да дәрігер-хирург қызметін атқарды.
03.05.2016 – 21.05.2018 — Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МҚК-да инновациялар және медициналық білім беру бөлімінің басшысы болды.
21.05.2018 – 04.03.2024 — Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МҚК-да директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
04.03.2024 – Астана қаласы ШЖҚ «№2 қалалық емхана» МҚК директоры.