
Досмырзаева Гүлназ Төленқызы
Басшы орынбасары
Өмірбаян
Досмырзаева Гүлназ Төленқызы– Жамбыл облысының тумасы, 1974 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Жамбыл жоғары медицналық колледжін «фельдшер» мамандығы, Қазақ мемлекеттік академиясын «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша аяқтаған. Мәскеу Заманауи гуманитарлық академиясында менеджмент бакалавры атанған. 18 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық ауруханасында» акушер-гинеколог болып бастаған.
2012-2014 жылдары «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы» РМҚК акушер-гинеколог дәрігері.
2011-2012 жылдары «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ штаттан тыс Бас акушер-гинеколог дәрігері.
2012-2013 жылдары ҚР ДМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің акушер-гинеколог маманы.
2014-2017 жылдары Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 перинаталдық орталық» МКК клиникалық-диагностикалық бөлім меңгерушісі.
2017-2020 жылдары Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 перинаталдық орталық» МКК бас дәрігерінің орынбасары.
2020 жылдан бастап «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келеді.

