
Өмірбаян
Естаев Марат Мұратханұлы, 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылдың ақпан айында бастаған.
2010 жылдың желтоқсан айынан – Қордай ауданы прокурорының көмекшісі.
2011 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін – Шу ауданаралық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі болған.
2013 жылдың наурыз айынан бастап облыс прокуратурасының бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2016-2022 жылдар аралығында – Шу ауданаралық прокурорының орынбасары және Байзақ ауданы прокурорының орынбасары болған.
2022-2026 жылдар аралығында Жамбыл ауданының прокуроры қызметін атқарған.
2026 жылдың сәуір айында Тараз қаласы прокурорының қызметіне тағайындалған.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.





