
Қожахметов Дамир Маратұлы
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі
Өмірбаян
1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Куала-Лумпур қаласындағы Азия-Тынық мұхиты ақпараттық технологиялар институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Логистика және көлік корольдік институтын бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы IT-секторда бастаған. Одан кейінгі жылдарда жекеменшік компанияларда басшылық қызметтер атқарып, мұнайгаз, агроөнеркәсіп, энергетика және өзге де салаларда технологиялық бағытарды дамыту, инновациялық өнімдерді өндіріске қосу және операциялық тиімділікті арттыру салаларына жауап берді.
2019–2020 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да инфрақұрылымдық және цифрлық жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік етті.
2020–2023 жылдары «KTZ Express» АҚ-да басшылық қызметте болып, компанияның цифрлық трансформация стратегиясын жүзеге асыруға және ІТ-функциясын дамытуға жауап берді.
2023 - 2026 жылдары «KTZ Express» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды.
2026 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі.





