
Тайжанов Жәнібек Жұмаұлы
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі
Өмірбаян
1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК филиалдарында жұмыс істеді.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаменті директоры.
ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары.
«Қазақстан темір жолы» ҰК «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, бас директор - Басқарма төрағасы.
2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасы қызметін атқарды.





