Исақова Толқын Жолдыбайқызы

    ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Исақова Толқын Жолдыбайқызы
    Төрағаның орынбасары

    Исақова Толқын Жолдыбайқызы

    ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Толқын Жолдыбайқызы Исақова 1977 жылы 1 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

    М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2021 жылы Еуразия гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1999-2008 жылдары Жамбыл облысының Байзақ ауданында бастаған.

    2008-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде қызмет атқарған.

    2011-2016 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы.

    2016-2019 жылдары Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнде сектор меңгерушісі болған.

    2019-2025 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында қызмет атқарған.

    2025 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымын атқарды.

    2026 жылдың 26-шы наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері