Овечкина Юлия Руслановна

    ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Овечкина Юлия Руслановна
    Заместитель Председателя

    Овечкина Юлия Руслановна

    ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Юлия Овечкина 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

    2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2019 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2014 жылы Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау жөніндегі менеджер болып бастап, кейін осы бөлімде бас маман қызметін атқарды.

    2016–2017 жылдары Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі лауазымында болды.

    2017 жылдан бастап Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау секторын басқарып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында ауқымды жұмыс жүргізді.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Сонымен қатар, ол 2019 жылдан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері