
Досанова Раушан Серикбайқызы
Ақмола облысы Әділет Департаментінің басшысы
Өмірбаян
Досанова Раушан Серікбайқызы 17.05.1977 жылы ОҚО Шымкент қаласында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, әскери міндетсіз.
1994-1999 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылдан 2003 жылға дейін Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған
Еңбек қызметін 1999 жылғы шілде айында Қызылорда облысы Шиелі ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маман лауазымында бастады.
2000 жылғы шілде айынан 2007 жылғы ақпан айына дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында тіркеуші.
2007 жылғы ақпан айынан 2011 жылғы мамыр айына дейін – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің жетекші маманы.
2011 жылғы мамыр айынан 2016 жылғы сәуір айына дейін – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бас сарапшысы.
2016 жылдан 2021 жылға дейін – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің Заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының басшысы.
2021 жылдан 2024 жылға дейін – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
2024 жылғы қазан айынан 2025 жылғы қаңтар айына дейін– Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жұмылдыру және азаматтық қорғаныс жөніндегі дербес басқармасының басшысы.
2025 жылғы қаңтар айынан 2026 жылғы наурыз айына дейін – Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары.
2026 жылғы 26 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы.





