
Тажгулов Серик Мұратқалиұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
Тажгулов Серік Мұратқалиұлы 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары: 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қазақ-орыс халықаралық университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған. 2020 жылы Esil University «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2013 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде қалыптастыру бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2014 жылғы 1 ақпаннан 2015 жылғы 17 тамызға дейін аталған департаменттің арнайы есепке алу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2015 жылғы 18 тамыздан 2017 жылғы 24 наурызға дейін Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокуратурасында заңдылықты қадағалау және арнайы есепке алу жөніндегі прокурор болған.
2017 жылғы 24 наурыздан 2017 жылғы 27 қарашаға дейін Мәртөк ауданы прокуратурасының аға прокуроры қызметін атқарған.
2017 жылғы 27 қарашадан 2018 жылғы 18 шілдеге дейін Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры болған.
2018 жылғы 18 шілдеден 2019 жылғы 15 ақпанға дейін осы бөлімнің аға прокуроры (топ жетекшісі) қызметін атқарған.
2019 жылғы 15 ақпаннан 2019 жылғы 25 сәуірге дейін Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры болып жұмыс істеген.
2019 жылғы 25 сәуірден 2019 жылғы 5 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының апелляциялық сатыға қатысу және мемлекеттік айыптауды қолдау басқармасының прокуроры қызметін атқарған.
2019 жылғы 5 қарашадан 2019 жылғы 28 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының қарамағында болған.
2019 жылғы 28 қарашадан 2020 жылғы 16 шілдеге дейін қайтадан Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры болған.
2020 жылғы 7 тамыздан 2024 жылғы 29 сәуірге дейін «Зере Медикалс» ЖШС директоры қызметін атқарған.
2024 жылғы 20 мамырдан 2025 жылғы 11 маусымға дейін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болған.
2025 жылғы 11 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.


