
Есенжулова Ардак Бекетовна
Басшының орынбасары
Өмірбаян
Есенжулова Ардак Бекетовна 1967 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі — дәрігер-терапевт. 2009 жылы «клиникалық фармакология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
1990 жылғы 10 қыркүйектен 1992 жылғы 16 тамызға дейін — Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ішкі аурулар кафедрасында «терапия» мамандығы бойынша (физиотерапия курсы бар) клиникалық ординатурадан өткен, Ақтөбе қаласы.
1992 жылғы 20 шілдеден 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейін — Ақтөбе қаласындағы Жол ауруханасының терапия бөлімшесінде дәрігер-ординатор.
1996 жылғы 1 желтоқсаннан 1997 жылғы 1 сәуірге дейін — Ақтөбе қаласындағы Теміржол ауруханасының ақылы терапия бөлімшесінде дәрігер-терапевт.
1997 жылғы 1 сәуірден 2009 жылғы 8 қаңтарға дейін — Ақтөбе қаласындағы Көлік медициналық қызметінің Ақтөбе филиалының ақылы терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
2009 жылғы 8 қаңтардан 2009 жылғы 21 қыркүйекке дейін — Көлік медициналық қызметінің Ақтөбе филиалының емханасының меңгерушісі.
2009 жылғы 21 қыркүйектен 2017 жылғы 6 наурызға дейін — Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2017 жылғы 6 наурыздан 2017 жылғы 15 шілдеге дейін — «Ақтөбе облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Ақтөбе қаласы.
2017 жылғы 15 шілдеден 2024 жылғы 28 тамызға дейін — «Ақтөбе медициналық орталығы» ШЖҚ МКК ересектер стационарының медициналық директоры, Ақтөбе қаласы.
2024 жылғы 28 тамыздан 2025 жылғы 14 қаңтарға дейін — «Ақтөбе медициналық орталығы» ШЖҚ МКК медициналық директоры, Ақтөбе қаласы.
2025 жылғы 14 қаңтардан 2025 жылғы 3 наурызға дейін — «Ақтөбе медициналық орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Ақтөбе қаласы.
2025 жылғы 26 наурыздан 2025 жылғы 27 қарашаға дейін — «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.
2025 жылғы 27 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін — Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-ісі жөніндегі орынбасары.


